Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында 15 жастағы қызды 6 жерінен пышақтап кеткен

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 15-тегі жасөспірім қызды 23 жастағы жігіт жауыздықпен 6 жерінен пышақтап, соққыға жыққан. Қыз қансырап жатқан күйінде үйінің жанынан табылған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

17.10.2023
Арнайы жоба

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — кездесіп жүрген жігіті. Ол мұндай әрекетке қызғаныштан барған көрінеді. Зардап шегуші қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқасқа шұғыл ота жасалды. Операция кезінде байқағанымыз оң жақ бауырының зақымдануы, асқазанының зақымдануы, үлкен іш майының зақымдануы, үлкен іш майының тамырларының зақымдануы және париталды брюшинаның зақымдануы байқалды. Операция шұғыл түрде жасалынып, қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр», — дейді Жамбыл аудандық орталық  ауруханасының бөлім меңгерушісі.

Оқиғаға қатысты тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-ші бабының үшінші бөлігі, 99-бабының екінші бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады», —  дейді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалым Нариаманұлы.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz