Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

Бүгін Қонаев қаласында "Шебер-Fest" қолөнер фестивалі өтіп жатыр.

13.10.2023
Аймақ

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 15 шебер қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар, ағаш, табиғи тері мен тоқыма, киіз өнімдерінен жасалған заттарын көрмеге қойды.

Шеберлер сауда жасап та жатыр. Оның ішінде Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылынан келген «Қадам kz» брендінің негізін қалаушы Әсел Болатқызы да бар. Ол таза былғарыдан әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған аяқ киімдер тігумен айналысады.

«2015 жылы өз өнімдерімізді шығара бастадық. Бұған дейін шетелдік көрмелерге де қатыстым. Біз жасаған аяқ киімдерді сингапурлықтар, жапондықтар, қытайлар, италиялықтар киіп жүр. Әлемге аты әйгілі Димаш Құдайбергеннің де жеке тапсырысын орындадық», — деді шебер.

Әселдің сөзінше, қазір нарықта ұлттық нақыштағы киім-кешекке сұраныс жоғары.

«Біздің мақсат — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, қазақы оюмен өрнектелген аяқ киімдерді күнделікті қолданысқа енгізу. Ол үшін аяқ киімдердің бағасын қолжетімді еттік, 6 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін. Қазір ұжымда 5 маман бар. Үйренемін, осы саланы меңгеремін, деушілер болса есігіміз әрдайым ашық. Біздің өнімдер Алматыдағы базарларда, онлайн сауда орталықтарына қойылған. Халық арасында сұраныс жылдан-жылға артып келеді», — деді Әсел Болатқызы.

Әселдің бұл сөзімен Астанадан ат терлетіп келген зергер Берік Сәтінбекұлы да келісіп отыр.

«Ұлттық өнерімізді кенжелетіп алған кездеріміз болды. Десе де, менің атам, әкем осы зергерлікті маған мұра етті. Қазір балаларым да зергерлікпен айналысады. Расында да, сұраныс өте жоғары. Сондықтан еліміздің бас қаласынан жеке музейімді де аштым. Осындай шаралар көптеп ұйымдастырылып, қазақы мәдениет, салт-сана, әдет-ғұрпымыз насихатталғаны дұрыс», — деді зергер.

Бүгінгі шарада келген қонақтарды айтулы күнмен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев құттықтады. Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы да көп болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz