Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенсация: 23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңіп кетті.

13.10.2023
Жаңалықтар

«Спорт Шредингера» Telegram-арнасы хабарлағандай, FIDE әлемдік рейтингінде Әлішер Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр. Ол өз жеңісіне туралы әсерін бөліскен.

«Өзімді қалай сезініп тұрмын дейсіз бе? Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді», – дейді Әлішер Сүлейменов.

Әлішер Сүлейменов Павлодарда туған. Былтыр шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

2022 жылы Үндістанның Ченнай қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Турнирде ерлер құрамасы Қытайдан келген қарсыластармен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазыбек Нөгербек пен Әлішер Сүлейменов ойындарын жеңіспен аяқтаса, Арыстанбек Оразаев пен Мұртас Қажғалеев тең есеппен аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасының жетінші турында серпінді жеңіске жетіп, бастапқы кестедегі 40-орыннан 7-ші орынға көтеріле алды. Одан кейін Әлішер Сүлейменов шешуші ойында 200 ұпаймен испандық қарсыласын жеңді.

Тегтер: шахмат

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz