Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Пойыздарда интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі пайда болды

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық пойыздарда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет енгізілді, деп жазады Көлік министрлігі.

12.10.2023
Жаңалықтар

Вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдауға болады. Аталған қызмет түрі жолаушыларға тегін.

«Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, vputi.kz сайтына өтуі қажет. Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан «Трансфермен жол жүру», «Перроннан үйге дейін», «Арнайы автобус», «Тұрақты шаттл», «Бурабай бойынша трансфер» сияқты сервистік (интермодальдық) қызмет түрлері көрсетіледі», — делінген министрлік жазбасында.

«Трансфермен жол жүру»

«Пойыз+пойыз» — ыңғайлы саяхат және жолаушының уақытын үнемдеу үшін жүйе сапарға шыққан адамның пойыздан пойызға ауысуы үшін қолайлы нұсқалардың бірін таңдайды. Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында іске қосылған және билет кассаларында қолжетімді. Бүгінгі таңда 7500-ден астам билет осы қызмет түрін пайдалана отырып ресімделген.

«Перроннан үйге дейін»

«Пойыз+автобус» — жолаушыларды «Нұрлы Жол» вокзалынан үйге тасымалдау қызметі. Қазіргі уақытта қызметті «Алматы-Астана» және «Шымкент-Астана» бағытында қатынайтын пойыз жолаушылары пайдалана алады. Кейін аталған қызмет түрімен қамту аймағы кеңейтілетін болады.

«Арнайы автобус»

«Пойыз+автобус» — пойыздан автобусқа ауысып, Астанадан солтүстік аймақтың елдімекендеріне сапарға шыққан жолаушыларды тасымалдауға арналған сервис.

«Тұрақты шаттл»

«Пойыз+автобус+ұшақ» — «Нұрлы Жол вокзалы-аэропорт-Қосшы әуежайы» бағыты бойынша жолаушыларды шағын автобустармен күнделікті тасымалдау сервисі. Жоба жолаушылар ағыны жоғары кезеңдерде теміржол мен авиация көлік байланысын қамтамасыз етеді. Қызмет құны 950 теңге.

Тұрақты шаттл күнделікті жөнелтіліп тұрады:

сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына;

сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына;

сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға дейін;

сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға дейін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аталған шаттл вокзал алдындағы алаңда, әуежайдағы автотұрақта және Қосшы қаласындағы «Әйгерім» сауда үйінің маңайында күтеді.

«Бурабай бойынша трансфер»

«Электропоезд + электроавто» — қызмет Бурабай курорттық аймақтары бойынша №7507/7508 Астана-Көкшетау, №6830/6829 Ерейментау-Көкшетау электр пойыздарымен қатынайтын жолаушыларды тасымалдауды көздейді.

Тегтер: интернетпойыз

Соңғы жаңалықтар

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

В рамках декады Наурызнама в полиции Алматинской области прошел день открытых дверей

Николай Иващенко
20.03.2026

230 банковских карт заблокировала полиция Алматинской области

Николай Иващенко
20.03.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Ораза айт

Николай Иващенко
20.03.2026

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz