Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы аяусыз соққыға жығылған

Әлеуметтік желіде Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады.

04.10.2023
Арнайы жоба

Бұл туралы оның әпкесі жеткізді. Ол оқиға 29 қыркүйекте Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында болғанын айтады.

«Інім Қуатбеков Дамир айналаға шолу жүргізіп, жоғарыдан жаяу түсіп келе жатқанда Toyota Land Cruiser көлігі троспен шлагбаумды іліп кетіп, оны бүлдіргенін көреді. Инспектор оларға жақындап, өзгенің дүниесін неге бүлдіресің деп сұрайды. Нәтижесінде көліктегілердің біріндегі адаммен інімнің арасында жанжал туындайды», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Ол інісінің үстінде Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің таңбасы бар камуфляж киімі, сондай-ақ инспектор куәлігі де болғанын айтады.

Көлікте төрт адам болған. Олардың бірі көліктен ұруға арналған арнайы ағашты (бита) алып шығып, Дамирді ұра бастаған. Ол есінен танып қалады. Көзін ашқанда қас қарайып кеткен, тас қараңғы. Көліктің жарығынан ол көліктің нөмірін анықтап көре алмаған.

Дамир есін жиған соң әпкесінің үйіне барған. Тауға ең жақыны сол үй екен.

«Үсті-басы қан. Құлағынан қан кеткен. Қабырғам мен басым дей берді. Құсты. Полиция шақырдық. Олар түнде оқиға орнына келіп, іздерді қарады. Інімнің үстіндегі киімді алып қалды. Дәрігерлер ініме «бас-сүйек ми жабық жарақаты және көптеген жаралар” бар деген диагноз қойды», — дейді ол.

Іле-Алатауы ұлттық паркінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Аталған оқиға 29 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында «Мокрый ключ» шатқалына барар жолдағы «Аққайың» шатқалындағы Каменск орманшылығында орын алды.

«Төрт белгісіз адамның ұлттық парк аумағына заңсыз кіруіне жол бермеуге тырысқан Каменск орманшылығының Медеу филиалының инспекторына шабуыл жасалған. Қара түсті (Раптормен боялған) Toyota Land Cruiser көлігіндегі қаскөйлер «Мокрый ключ» шатқалына бару үшін жабық тұрған шлагбаумды тросттың көмегімен жұлып алуға тырысқан», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Мемлекеттік инспектордың жағдайы тұрақты.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz