Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында өрттен 17 адам қаза тапқан

Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев айтты.

03.10.2023
Аймақ

Кезекті брифинг тұрғын үйлерде газ баллонын пайдалану және қауіпсіздік шаралары тақырыбына арналды. Мамандар қарапайым ережелерді сақтамаудың әсерінен өрт пайда болатынын алға тартып отыр. Мысалы, биыл Алматы облысында үйлерден қызыл жалын шығуының 455 дерегі тіркелген. Әсерінен 17 адам қаза тапқан. Сондай-ақ көміртегі тотығынан уланып 4 адам көз жұмып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

«Алматы облысының аудан, қалаларында газ баллондарын қауіпсіздікке тексеретін 10 жауапты тұлға бар. Өрт және жарылыс болмауы үшін инспекторлар қадағалау жұмыстарын жүргізіп отырады», — деді Мұса Танабаев.

Маман өңірде мамандар тапшылығы бар екенін де жасырмады. Осыған байланысты инспекторлардың біліктілігін арттыруға арнайы курстар енгізілген. Оқудан өткен 249 маманға сертификат табысталған.

«Алда жылыту маусымы келе жатыр. Осыған орай, тұрғындардан жанғыш заттарды пештен кем дегенде жарты метр қашықтықта ұстауды сұраймыз. Үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс», — деді маман.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz