Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Жамбыл ауданы әкімдігінің бөлім басшылары тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, Нұрпейісов Аян Асқарұлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Абсейтов Қайсар Бекмырзаұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

02.10.2023
Сұхбат

Аян Асқарұлы – 1986 жылы 4 шілде күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Көкқайнар ауылында дүниеге келген.

Білімі — жоғары. 2010 жылы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, информатика мамандығын алды. 2020 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп құқықтану мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 2011-2012 жылдары «Мамиля» шаруа қожалығының басшысы болып бастады. 2012-2013 жылдары ауданның жұмыспен қамту орталығының жоғары деңгейлі білікті маманы болды. 2013-2017 жылдары Шолаққарғалы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болды. 2017-2021 жылдары Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде экономика секторының меңгерушісі болды. 2022-2023 жылдары Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Қайсар Бекмырзаұлы – 1990 жылы 8 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

Білімі — жоғары. 2012 жылы, Қ. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне түсіп, су ресурстары және суды қолдану мамандығын алды. 2015 жылы аталған университеттің орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 2012-2022 жылдары аралығында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып бастаған, осы бөлімде бас маман және бөлім басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2022 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы болды.

 

Тегтер: Алматы облысыЖамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz