Тілшілер Кеген ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дархан Маусымбаевтың айтуынша, ауылда 2018 жылдан бері биыл 81-ші үй салынып жатыр. Оның бірқатары халық игілігіне беріліп, қазіргі таңда 20 үйдің құрылысы аяқталған.
«20 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 265 млн теңге, инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға 110 млн теңге бөлінген. Қазан айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», — деді Дархан Маусымбаев.
Бұдан бөлек, елді мекенде 30 үйдің құрылысы басталды. Ол үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аталған 50 үй әлеуметтік осал топтан шыққан отбасыларға берілмек.
«Сонымен қатар кезекте тұрған адамдарға үй салу үшін 50 жер учаскесі бөлінді. Қазір ол жерге инженерлік желілері тартылып, асфальт төселуде», — деді бөлім басшысы.
Айта кетейік, ауданда үй кезегінде 482 адам тұр.