Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Экология министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Оңтүстік астананың тұрғындарымен кездесуден кейін экология министрі Ерлан Нысанбаев Қонаев қаласына барып, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызмет бағыттары бойынша облыс тұрғындарымен мәселелерді талқылады.

02.10.2023
Аймақ

Іс-шара басталғанға дейін, азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Сұрақтар әр түрлі сипатта болды, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, экологиялық қауіпсіздік, ормандарды заңсыз кесу, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сұрыптау т.б.

Тұрғындарды мұқият тыңдап, министр жан-жақты жауаптар берді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қолданыстағы заңнама шеңберінде құзыретіндегі проблемалық мәселелерді қарауды және шешуді тапсырды.

Облыс тұрғындарымен кездесу барысында басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты екендігін атап өткен жөн. Облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 29,3 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінде (29,1 мың тонна). Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.

Сонымен қатар, жол картасында Алматы облысының экологиялық мәселелерін шешу бойынша 8 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде 3 іс-шара орындалды.

Мысалы, облыс орталығының қазандығы газға ауыстырылды, Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгілерін белгілеу бойынша жұмыстар орындалды, ал Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Іле және Қаратал өзендерін механикаландырылған тазарту бойынша 3 іс-шара аяқталды.

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жұмыстарының үлесіне келетін болсақ, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 22,8% құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 14,6% жоғары, бірақ орташа республикалық деңгейден 27% төмен.

Космомониторинг аясында биыл өңірде 375 полигон анықталды, оның 37% (142 полигон) жойылды.

Орман шаруашылығы мәселелері бойынша биыл облыс бойынша 5,4 мың га алқапқа 12 млн. ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері 214,4 га алқапқа 1,2 млн. дана отырғызылды. Осы жылдың күзінде 5,3 мың га алқапқа 10,8 млн. дана отырғызылады.

Даму бағдарламасына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту саласында 10 жыл ішінде Алматы облысында балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Ол үшін өңірде құны 68,2 млрд теңге және өсіру көлемі 10 мың тоннадан асатын екі ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

Кездесуге қатысушылармен сындарлы диалог барысында министр облыс тұрғындарын толғандыратын сұрақтарға жауап беріп, мұндай іс-шаралардың маңыздылығын, жергілікті тұрғындардың мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін міндетті түрде есепке алуды атап өтті.

Кездесу аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz