Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев: бірінші кезекте инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру қажет

Мұны Алматы облысының әкімі алдағы жылдың бюджетін қалыптастыру мәселесін сөз еткен аппараттық жиында тапсырды. Ол облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшылығына инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударуды тапсырды.

29.09.2023
Сұхбат

«Біз бірінші кезекте азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл — жолдарды салу және жөндеу, энергиямен, сумен және газбен жабдықтау мәселелері», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кету керек, 2023 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша сумен жабдықтауға 17,7 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға артық. Су бұру жобаларын қаржыландыру 96%-ға өсіп, 15,2 млрд. теңгені құрады.

Елдімекендерді электрмен жабдықтау үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді, бұл 2022 жылы бөлінген 426 млн. теңгемен салыстырғанда 81%-ға артық. Көлік инфрақұрылымын дамытуға 52,4 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылы бөлінген қаражаттан 26%-ға артық.

2023 жылы газбен жабдықтау желілерін салу бойынша 13 жобаны іске асыруға бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Оның 9-ы 2022 жылдан өткен жобалар, 4-і жаңа. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша Талғар ауданы Ақтас, Ақдала, Жалғамыс және Балқаш ауданы Бақанаста 2 млрд. 729 млн. теңге сомасына 4 жоба іске асырылды. Табиғи газға 14,1 мың адам қол жеткізді. Сондай-ақ, биылғы жылы Жамбыл ауданы Үлгілі, Самсы ауылдарында газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды.

Сумен жабдықтау мәселелері Жамбыл ауданы Ащысу, Балқаш ауданы Жиделі ауылдарында және Іле ауданы Междуреченск ауылының Шабыт шағын ауданында шешілді. Осы жылы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы мен Боралдай кентінде кәріз қысымы жүйесі мен кәріз тазарту жүйесі құрылысын аяқтау жоспарланған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 242 км облыстық маңызы бар автожолдардың 29 учаскесінде орташа және күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ердоған Тоқаевты cәуірде өтетін Дипломатиялық форумға шақырды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Қазақстанда 25 наурызда ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Заңсыз онлайн-казино ісі: қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Алматы облысында қар құрсауында қалған отбасы табылды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz