Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ақылы жолдар 20% қымбаттайды – Көлік министрлігі

Елімізде ақылы жолдар қатары көбейеді және оның бағасы да өседі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

28.09.2023
Саясат

«Транзиттік ел болған жолдарды қалпында ұстап, күту керек. Жолдардың сапасын жақсарту үшін қазіргі түсім жеткіліксіз. Сондықтан жол ақысын 20%-ға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, 10 жылдан астам жол ақысы, яғни тариф өзгерген жоқ. Біз жиі жолда жүретіндерге айлық абонемент ұсынамыз. Жол сұранысқа ие, демек баға жолаушылар үшін арзанға түседі деген сөз. Бұл қазір қолданыстағы 2300 шақырым ақылы жолға қатысты әңгіме», — деді Марат Қарабаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жолды күтуде бюджетке салмақ түсірмеген абзал.

«Енді екінші санаттағы, яғни 4 жолақты емес 2 жолақты жолдарды ақылы етуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, жол тек жүк көліктері үшін ғана ақылы болады. Оларға да абонемент әзірлеп жатырмыз. Мақсат біреу — жолды жақсы сапада ұстау керек, ал ол көлемді қаржыны талап етеді», — дейді ол.

Тегтер: Марат Қарабаев

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz