Алдын ала қабылданған шараларға байланысты санкциялардың жаңа пакеті ресейлік экспортта энергоресурстан кейінгі маңызды рөлге ие алтынды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға тыйым салуға бағытталған.
Санкцияның бір ұшы Мәскеу мэрі Сергей Собянинге, РФ премьер-министрінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовқа, Думаның депутаты Адам Делимхановқа, балалар құқығын қорғауда уәкілетті өкіл Мария Львова-Беловаға тиген.
Сондай-ақ, Кемеров облысының губернаторы Сергей Цивилев, президенттің Солтүстік Кавказ федералды округіндегі өкілі Юрий Чайка, «Ростех» басшысының ұлы Станислав Чемезов санкцияға ілінген.
Шектеулерге «Русский мир», А.М. Горчаков ат. Қоғамдық дипломатияны қолдау қоры, актер Сергей Безруков пен Владимир Машков ілінген. Еуро Одақтың пікірінше, әртістер Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын ашық қолдаған, бұғанға дейін Қырымның Ресейге қосылуын да жақтаған.
Жалпы, жаңа рестрикциялар 57 жеке тұлғаға, 9 ұйымға жарияланды. Оның ішінде, «Ночные волки» мотоклубы, мотоклубтың президенті Александр Залдастанов бар. Санкциялық тізімге енген жеке және заңды тұлғалар ЕО аймағына шыға алмайды, және олардың активтері бұғатталады.
ЕО 22 шілдеден бастап ресейлік алтынды және зергерлік бұйымдарды сатып алуға, импорттауға тыйым салды.
Еуропалық операторларға үшінші әлем елдеріне мұнай тасымалдау үшін ресейлік мұнай және трейдинг компанияларымен келісімге келуге рұқсат берілді.
Сонымен қатар, ЕО Ресеймен ауыл шаруашылығы бойынша шарт жасасу үшін санкцияның осы бағытын әлсіретті.
Ал Украина Ресейлік БАҚ-на тыйым салу туралы құжаттама әзірлеп жатыр.