Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

XIX Азия ойындары: Қазақстан ТОП-10 елдің қатарына кірді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бүгінгі 2 алтын жүлденің және күміс пен қола медальдардың арқасында жалпыкомандалық есепте 9-орынға шықты.

28.09.2023
Жаңалықтар

Топ басына алаң иелері Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 81 алтын, 45 күміс және 23 қола медаль алды.

Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Бұл мемлекет спортшылары 20 алтын, 19 күміс және 35 қола жүлдені жеңіп алды. Алғашқы үштікті Жапония құрамасы қорытындылайды. Күншығыс елінің өкілдерінде 15 алтын, 27 күміс және 24 қола медаль бар.

Ал Өзбекстан саңлақтары төртінші орында тұр. Бұл ел алғаш рет өз тарихында жалпыкомандалық есепте төрттікке кірді. Бұл мемлекеттің өкілдері әзірше 6 алтын, 10 күміс және 13 қола медальді жеңіп алды. Содан кейін үздік бестікте Үндістан спортшылары бар. Үнді елі 6 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлдемен 5-орынға шықты.

Одан кейінгі орындарда Таиланд, Гонконг, Иран елдерінің спортшылары келеді. Қазақстан спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 10 қола медальмен 9-орынға көтерілді.

Қазақстанның ізінен Индонезия келеді. Оларда да 3 алтын мен 3 күміс жүлде бар. Бірақ 2 қола ғана иеленді.

«Қазір Ханчжоудағы Азиадаға елімізден спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысып жатыр. Оның 27-сі олимпиялық бағдарламаға кірсе, қалған 3-еуі – олимпиялық емес спорт түрлері. Сонымен қатар, Азиадада 8 спорт түрінен, атап айтқанда, бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына  лицензиялар сарапқа салынады», — дейді Туризм және спорт министрлігінің өкілдері.

Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласып жатыр.

Еске салайық, бүгін қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. «Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп –40:35.

Тегтер: азия ойындарыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz