Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ташкентте әуежай маңында алапат жарылыс болды

Өзбекстан астанасында 28 қыркүйек, яғни бейсенбіге қараған түні алапат жарылыс болды. Оқиға Ташкент әуежайының маңында болған. Бұл туралы Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Telegram-арналары хабарлады.

28.09.2023
Арнайы жоба

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс Ташкент әуежайындағы кеден қоймасының аумағында болған.

Әлеуметтік желілер жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерден сезілгенін жазып жатыр. Ташкент тұрғындары әуежай маңындағы үйлерде қатты өрт шығып, терезелері сынғанын хабарлады.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өрт ел астанасының Сіргелі ауданында болғанын атап өтті. Құтқарушылардың айтуынша, қоймалар найзағай түскен соң өртенген.

Әзірге өрт салдарынан жараланғандар немесе қаза болғандар туралы ресми ақпарат түспегені хабарланды. Алайда әлеуметтік желіде ұйықтап жатқан 17 жастағы бозбаланың мойнына әйнек сынығы түсіп, көз жұмғаны хабарланды. Сондай-ақ 5 адамның зардап шеккені туралы жазылып жатыр.

Оқиға орнына дереу 16 өрт сөндіру және авариялық-құтқару бригадасы мен 3 баспалдақты көлік шықты. Олар оқиға орнына сағат 02:48-де жетіп, қазір өртті сөндіріп жатыр.

Тегтер: әуежайжарылысташкент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz