Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы мен Жетісу облыстарында жолдың 40%-ы сапасыз салынған

Бұл туралы «Жол активтері ұлттық сапа» орталығы Алматы облыстық филиалының өкілдері айтты.

27.09.2023
Аймақ

9 айдың ішінде Алматы мен Жетісу облыстарында құрылысы аяқталған жолдардан 481 ақау анықталған. Оның 380-нен астамы республикалық маңызы бар күре жолдар.

Мәселен, Алматы-Екатеринбург бағытындағы тас жолда құрылыстың жүріп жатқанына 3 жылдан астам уақыт өткен. Асфальттың қалыңдығы 12 сантиметр, ал ені 9 метр 75 сантиметрден кем болмауы тиіс. Мамандар бұған дейін дәл осы учаскеде үш бірдей ақаудың анықталғанын айтып отыр.

Жергілікті мекеменің бөлім басшысы Руслан Қашқынбайдың айтуынша, әсіресе техникалық қауіпсіздік сақталмайды.

«Техникалық қауіпсіздік сақталмаған, жұмысшылар каскаларын кимеген жағдайлар бар. Жол-құрылыс материалы дұрыс болмаған жайттар да тіркелді. Кей жолдарда бетондар, арматуралар жабылмаған, асфальт астында төсеніштері болмағаннан бүлініп кеткен», – дейді Руслан Қашқынбай.

Жол сапасын нақты анықтау үшін ұлттық сапа орталығы асфальтты ойып, сынама алады. Алайда сынаманың қай учаскенікі екені құпия сақталып, QR-код арқылы зертханаға тапсырылады.

Биыл Алматы қаласы мен облысы және Жетісу облысынан 2 мың 500 сынама өткізілген. Республикалық маңызы бар трассадан алынған сынаманың 25, қала мен ауыл ішіндегі жолдардан алынғандарының 40 пайызы талапқа сай болмай шыққан.

Тегтер: Алматы облысыЖетісу облысыжол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz