Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Адамдар таңнан кезекке тұрды: Астанада Алматы облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

23-24 қыркүйек күндері Астанадағы ҚазҰӨУ алаңында Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

24.09.2023
Саясат

Саудадан табыс тауып әрі өз өнімдерін жарнамалауға келген кәсіпкерлердің қарасы қалың. Олар халыққа жалпы салмағы 200 тонна өнім ұсынды. Оның ішінде 52 түрлі азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс бар.

Әр аудан өзінің мақтан тұтатын, басқалардан көш ілгері тұратын өнімін әкелген.

Мысалы:

• Балқаш ауданы — күріш
• Еңбекшіқазақ ауданы — алма
• Талғар ауданы — көкөніс, жеміс-жидектер
• Іле ауданы — ет, тауық еті, жұмыртқа
• Кеген ауданы — сүт өнімдері, бал және т.б.

Барлық тауардың бағасы нарықтағыдан қарағанда 10-15% арзан:

• ұн (І сұрып) — 230 тг
• күріш — 420 тг
• картоп — 120 тг
• сәбіз — 150 тг
• жуа — 100 тг
• қант — 440 тг
• қой еті — 2300 тг
• жылқы еті — 2400 тг
• қазы, жая, қарта, шұжық — 2500 тг
• сиыр еті — 2200-2300 тг
• тауық еті — 1100 тг
• жұмыртқа — 460 тг (10 дана).

Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов арнайы қатысып, тұрғындармен, шаруалармен тілдесті.

«Жәрмеңке таңғы сағат 8.00-де басталды. Бастала салысымен адамдар сөрелердің алдында кезекте тұрды. Кәсіпкерлердің саудасы жүріп жатыр. Бұл барлығымыз үшін қуанышты жағдай», — деді әкімнің орынбасары.

15 жылдық тарихы бар жәрмеңкеге алғаш рет өнім әкелген шаруалар да бар. Оның бірі — Кеген ауданында 2019 жылдан бері омарташылықпен айналысатын Әбдірасыл Игілік. Бал брендін жасап жүрген шаруа 200 келі өнім ұсынып отырғанын айтты.

«Өнім ассортиментінде әртүрлі гүлден жиналған бал, көкмарал балы, жалбыз балы, ұяшығымен бірге жиналған бал бар. Жалпы 200 келі бал әкелдік. Бағалары 2000-4000 тг аралығында. Базарда бұлар 4500-5000 теңгеден саудаланады. Сауда жақсы, халық біртіндеп келіп жатыр. Қызығушылық бар», — деді кәсіпкер.

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының шаруасы болса, ірі қара, қой, жылқы етін сатып жатыр. Кәсіпкер әйел мұндай шаралар халыққа қыс қамын қиналмай жасап алуға септігін тигізеді деген пікірде.

«Қой, сиырдың етін 2300-ден, жылқының етін 2500-ден сатып жатырмыз. Бұл — көтерме баға. Халық риза, алып жатыр. Еттің сапасы да жоғары. Биыл алғаш рет келіп отырмын», — деді Лаура Оразбайқызы.

Ауқымды алаңда Алматы облысымен қатар Жетісу облысының да жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыастанажәрмеңке

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz