Астанада түнде және таңертең солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 18 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді. Петропавлда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығына оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады.
Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Қостанай облысының шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.