Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауылдар мен кенттерді аралауға шықты

Алматы облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ іске қосылды.

19.09.2023
Аймақ

Топ құрамына азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге тікелей қатысатын еріктілер, мемлекеттік органдар мен құрылымдардың өкілдері кірді.

Бұл бастама облыстың барлық шалғай ауылдары мен кенттеріне қатысты болады.

Мобильді топ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесулер мен азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастырады.

«Жалпы 30-дан астам шалғай ауылдарға бару жоспарлануда. Көшпелі кездесулер жергілікті тұрғындар көп жиналатын жерлерде ұйымдастырылады. Бұл жергілікті Қазпошта пункттері, әкімдіктер, ХҚКО, мектептер, базарлар және ірі дүкендер. Кез келген азамат келіп, мобильді топ өкілдерінен қажетті кеңесін тегін ала алады», — деп түсіндірді Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Серік Орымбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топты автобустағы арнайы брендтік жазулар арқылы анықтауға болады.

Тегтер: Алматы облысыантикор

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz