Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгереді

Балаларды мектепке қабылдауға қажет құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.

19.09.2023
Қоғам

«Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады», — делінген құжаттың жаңа редакциясында.

Айта кетейік, қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді. Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал.

Өйткені, бұған дейін бекітілген аяқталу уақыты алынып тасталмақ,

Сонымен қатар 10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі өзгереді.

«Оныншы, он бірінші, он екінші сыныптарға білім алушыларды қабылдау олардың жеке өтініші не ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат негізінде жүзеге асырылады. Өтініш күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады», — деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында.

Қазіргі ережеге сай, аталған сыныптарға балалардан құжат қабылдау 15 тамызда аяқталады. Енді оның уақыты 31 тамызға дейін ұзарады.

Құжат 3 қазанға дейін көпшілік талқысында болады.

Тегтер: мектеп

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz