Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы жәрмеңкеге 180 тонна өнім әкелді

Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Алматы қаласында Алматы облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

16.09.2023
Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батановтың айтуынша, биыл жәрмеңкеге 180 тоннаға жуық өнім әкелінген. Оның ішінде:

• 20,3 тонна ет өнімдері

• 6 тонна сүт өнімдері

• 20,6 тонна картоп

• көкөніс 25,4 тонна

• алма, жеміс-жидек 22 тонна

• басқа өнімдер 45,2 тонна.

Жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайыз төмен. Мысалы:

• ет — 2500 тг

• жылқының сұрпы еті — 2700

• қазы — 3000 тг

• қарта — 2500 тг

• тауық еті — 1100 тг

• ысталған шұжық — 1700 тг

• пісірілген шұжық — 1600 тг

• балық — 350-900 тг аралығында

• жұмыртқа — 450 тг

• сүт — 300 тг

• кілегей — 1800 тг

• құрт, ірімшік — 1500-2500 тг

• қант — 400 тг

• ұн (жоғары сұрып) — 180 тг және т.б.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағада алуға келген қала тұрғындары да пікір білдірді.

«Жәрмеңке өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бүгін бір жағынан сауда жүріп жатса, бір жағынан мереке болып жатыр. Ауылдан келген адамдар тұрғындарға еңбектерінің жемісін көрсетті. Өте қуаныштымын. Тауарлардың бағасы Алматыдағы «Көк базардан» да төмен, сапасы да жоғары», — деді Алматы тұрғыны Бақытгүл Отарбаева.

Ал Әбілахат ата осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру керектігін айтты.

«Мұндай шаралар халық үшін де, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін де пайдалы. Тауарлардың бағасы арзан. Бүгін сиыр, қой етін, қолдың майын, алма, жеміс-жидек сатып алдық. Жәрмеңкеге жылда келеміз. Жиі-жиі өтсін мұндай жәрмеңкелер», — деді тұрғын Әбілахат Шелбаев.

Арнайы ұйымдастырылған шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Жәрмеңкеге ірі шаруа қожалықтары да өнімдерін әкелген. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған саудагерлер дән риза. Таңғы 9.00-ден бастап-ақ кәсіпкерлердің қолы жүріп, сауда жасап жатты.

Жалпы Алматы облысы елімізде сары өрік өсіру бойынша 1-ші орынды, картоп өсіруден 2-ші орынды, күріш егуден 2-ші орынды алып отыр. Сондай-ақ облыс құс өсіріп, етін өңдеуден алғашқы орында. Өңірде 8,3 млн бас құс бар. Алматы қаласы бойынша құс етінің сұранысын (35 мың тонна) толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, ертең Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент саябағында «Apple Fest» фестивалі өтеді. Шараға Алматы облысы атынан 4 ауданда орналасқан 25 бау-бақша серіктестігі қатысады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржәрмеңке

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz