Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Алматы облысы бюджет қаржысын игере алмаған

Биыл 8 айда мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6 пайызға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

13.09.2023
Саясат

Министрдің дерегінше, 8 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары — 98,6, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 21 млрд теңгені құрады. Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, сондай-ақ Ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары», — деді ол.

Оның атап өтуінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны — 131 млрд теңге.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Тегтер: Алматы облысыЕрұлан Жамаубаевқаржымемлекет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz