Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Есікте мектептің құрылысы басталды

Есікте 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Алғашқы тасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.

12.09.2023
Сұхбат

Бұл оқу ошағы Болат Өтемұратовтың қоры арқылы қаржыландырылып, «Верный капитал» компаниясының қолдауымен салынбақ. Оған 8,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Ал мектептің ауданы — 12,5 мың шаршы метр. Оқу кабинеттерімен қатар, мектеп рекреациялық аймақтармен, оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады.

«Мектеп салу — әлеуметтік маңызды міндет. «Верный капитал» компаниясы, Forte Bank және Болат Өтемұратов Қоры мемлекеттік үлгідегі классикалық мектептерді ғана емес, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, заманауи оқу орындарын сала отырып, мектеп тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосады», — деді Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы доктор Алмаз Шарман.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев демеушілерге алғысын білдірді.

«Облыста үш ауысымды мектеп және оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 16 мектеп салынып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарланды. Бүгін міне, демеушілер қаржыландырып, 900 орындық жаңа мектептің іргесін қаланды. 33 мыңнан астам тұрғыны бар Есік қаласы ғана емес, жалпы облысымыз үшін бұл керемет сыйлық, зор қуаныш. Барша тұрғындар атынан демеушілерге алғысымды білдіремін», — деді облыс әкімі.

Мектеп құрылысы 2024 жылдың қыркүйегіне аяқталып, мемлекет балансына беріледі деп жоспарланып отыр.

Былтыр Алматы облысының әкімдігі отандық бизнесмендер мен меценаттарды «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептердің құрылысын қаржыландыруға шақырған. Бүгінде кәсіпкерлер қолдауымен Есік пен Шелекте мектеп салынып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЕсік қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz