Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

21.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Polisia.kz

Polisia.kz

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды.

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы – ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірді. Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарда атқарған.

2008-2010 жылдары – Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы.

2010-2012 жылдары – Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2012-2016 жылдары – Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2016 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысы ПД бастығы. 2021 жылғы 16 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Атығай Арыстанов ІІ дәрежелі “Айбын” ордені мемлекеттік марапатының иегері.

Тегтер: Жетісу облысыполиция

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz