Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көмірдің орташа бағасы белгілі болды

Бүгін жылыту маусымында халықты қатты отынмен қамту жайлы баспасөз мәслихаты өтті.

07.09.2023
Аймақ

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы бөлімнің бас маманы Ержан Әділеттің айтуынша, биыл халық қажеттілігі 730 мың тоннаны құрап отыр. Тұрғындарға 172,2 мың тонна көмір жеткізілді. Тұйықтар мен қоймаларда 43,4 мың тонна қатты отын бар.

Алматы облысына көмір еліміздің үш аймағынан әкелінеді:

1. Абай облысындағы «Қаражыра» кен орны: 2023 жылы бұл жерден 239,7 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.

2. Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы «Шұбаркөл» кен орны: биыл 429,2 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.

3. Райымбек ауданындағы «Ойқарағай» кен орны: 60,8 мың тонна көмір әкелу жоспарланған.

Ержан Әділет көмірдің орташа бағасы 13 000-21 000 теңге аралығында екенін де айтты.

«Ойқарағай» кен орнында 1 тонна көмір бағасы – 8500 теңге. Ең жоғары баға теміржол тұйықтары жоқ аудандарда тіркелді. Онда қатты отын 23 000-25 000 теңге аралығында саудаланып жатыр», – деді маман.

Бас маманның сөзіне сүйенсек, облыс бойынша тізілімге енгізілген 46 көмір операторы бар. Көмір разрездерінен қатты отынды тасымалдауды осы операторлар ғана жүзеге асырады.

«Өңірлік көмір операторларымен кездесу ұйымдастырылды. Жиында қатты отынды тек тұрғындарға сату, жоспар орындалуын қадағалау, көмір биржасына қатысу міндет екені айтылды. Осы күнге дейін көмірді заңды тұлғаларға сату фактілері байқалмады», — деді Ержан Әділет.

Халықты көмірмен қамтамасыз ету Алматы облыс әкімдігінің қатаң бақылауында және күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, өңірде 54 көмір тұйығы мен қоймасы жұмыс істеп тұр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz