Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Талдықорғанда жоғалып кеткен сәби әкесінің туыстарының үйінен табылды

Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбидің орналасқан жерін анықтады.

07.09.2023
Арнайы жоба

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сәби Талдықорған қаласында жекеменшік секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды.

«Қазіргі уақытта нәресте анасының жанында, өз кезегінде ол қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді. Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді», — делінген хабарламада.

Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынған.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде сәбидің ізестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Белгілі болғандай, сәбиді Қаскелең қаласында тұратын 39 жастағы әкесі алып кеткен. Сәбидің анасы бұған дейін отбасылық жанжалдан кейін Талдықорғандағы туыстарының үйіне кетіп қалған.

Кейін белгілі болғандай, ер адам Талдықорғанға келіп, 33 жастағы әйелі мен енесін соққыға жыққан. Артынша ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабында (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген құқықбұзушылығы үшін ұсталып, 31 тамызда 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Ал сәбидің анасы кішкентай қызын табуға көмектесу үшін ресми түрде полицияға жүгінген.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz