Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Тіл фестивалі өтті

Кеген ауданында «Тіл фестивалі – 2023 жыл» шарасы өтті.

07.09.2023
Аймақ

Іс-шараның мақсаты — еліміздегі тіл саясатын іске асыру, этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту.

Фестиваль барысында Елордадан арнайы келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық басқармасының бас сарапшысы Жанар Асанова жұртшылықты мерекемен құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.

«Соңғы жылдары маңыздылығына орай, ғылым тілін дамыту бағытындағы жұмыстар жандандырылуда. ЖОО-ға арналған 100 шетелдік озық ғылыми әдебиет қазақ тіліне аударылды. Арнайы тұжырымдама жобасының аясында қазақ терминологиясын дамытуға бағытталған жұмыстар да жоспарланды. Сондай-ақ тұжырымдамада қазақ тілді контенттердің үлесін арттыруға да баса назар аударылып отыр. Тіл заңнамасының сақталуын бақылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында үздіксіз жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ қазақ тілін, басқа да тілдерді үйрету курстары ұйымдастырылуда», — деді ол.

Сонымен қатар шарада қарапайым деңгейдегі тіл үйренушілерге арналған кітаптың тұсауы кесілді. Оқулықты облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы дайындаған.

Бұдан соң, облыстағы саланы дамытуға үлес қосып жүрген тіл мамандары мен жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Кештің құрметті қонағы – Секен Тұрысбек күйден шашу шашты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz