Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Венеция туристерден ақша ала бастайды

Венеция шектен тыс туризм мәселесін шешу мақсатында келесі жылдан бастап қалаға бір күнге келген туристерден кірерде 5 еуро (5,35 АҚШ доллары) көлемінде төлем алуды жоспарлап отыр. Ақы 14 жастан асқан туристердің бәрінен алынбақ. Сынақ 30 күнге жалғасады, деп жазады Reuters агенттігі.

07.09.2023
Жаңалықтар

«Ақша алудағы мақсат – Венецияда тұратын, оқитын немесе жұмыс істейтін адамдар мен қалаға келетіндердің құқығы арасында жаңа баланс орнату», — деп мәлім етті Венецияның туризм бойынша кеңесшісі Симоне Вентурини.

Сондай-ақ ол мұндай тәсілдің мақсаты – ақша табу емес екенін атап өтті.

Елге кіретіндерден төлем алу жоспары нақты қашан енгізілетіні және оның жүзеге асу тәртібі келесі аптада, кеңес толық мақұлдағаннан кейін нақтыланады.

Төлем алу жоспары алғаш 2019 жылы талқыланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Шектен тыс туризм көптен бері қаланың үлкен мәселесіне айналды. Шамамен 50 000 адам тұратын тарихи қала халқының санынан туристер саны жиі асып кететіні айтылып жүр.

Шілдеде ЮНЕСКО сарапшылары Венеция мен Венеция мүйісін жаппай туризм және климат өзгерісі салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан Әлемдік мұра тізіміне енгізуді ұсынды.

Тегтер: ақшаВенециятурист

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz