Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ақтөбе облысында 8 адам газға уланып, ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында 4 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары тарапынан газдың өткір иісі туралы шағым білдірген.

05.09.2023
Арнайы жоба

Салдарынан Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны газбен улану белгілерімен ауруханаға түскен, деп хабарлайды alaltaunews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қыркүйек күні Шұбарши ауылындағы газ тарату станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлы түрде газ беру толық тоқтатылды. Бұл туралы алдын ала ескерту берілді.

«Ережеге сәйкес газды тоқтатып, ашатын кранды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін күшті иісі бар «Одорант» деп аталатын газ жіберіледі. Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ. Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ», — делінген хабарламада.

Басқа зардап шеккендер жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органның бақылауында.

Тегтер: Ақтөбе

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz