Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында жол апатынан 200-ге жуық адам қаза тапқан

Алматы облысында соңғы жеті айда 731 көлік апаты орын алып, 181 адам қаза тапқан. Облыстағы республикалық маңызы бар тасжолда апат азаймай тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

05.09.2023
Аймақ

Апаттың алдын алу мақсатында 1 қыркүйектен бастап Алматы — Өскемен, Талдықорған — Алматы, Құлжа тасжолында «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

«Жүргізушілер жылдамдықты асырып, қарама-қарсы бағытқа шығады, жаяу жүргіншіні өткізбейді. Республикалық маңызы бар тасжолда «Сергек» бейнекамералары орнатылған. Алматы — Өскемен, Талдықорған — Алматы ақылы тасжолында қойылған «Сұңқар» бейнекамерасы белбеусіз жүргізушіні, сондай-ақ ол телефонмен сөйлессе және қоқыс лақтырса түсіріп алады», – деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Үстеміров.

Қырағы камералар жылдамдықты ғана түсіріп қоймай, жол апатына түрткі болатын өрескел қателікті де түртіп алады.

«Егер көліктің жүруіне бұған дейін тыйым салынған немесе жүргізушінің қарызы болса, ақпаратты бірден анықтауға болады», – деді ПД Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Бағлан Шәкіров

Рейд барысында Алматы — Талғар тасжолында жол апаты болды. Бір адам қатты зардап шекті. Жол полициясы қызметкерінің айтуынша, арақашықтық сақталмаған. Жүк көлігі қатты жылдамдықпен келіп, үш көлікті соққан.

Айта кету керек, «Сергек» жылдамдықтың артуын, бағдаршамның қызыл түсін елемеуді, аялдама сызығының қиылысын, тұтас сызықтың сақталмауын тіркейді. Ал Алматы облысында 124 орында 576 камера жұмыс істеп тұр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Крупные предприятия и бизнесмены Конаева усиливают работу по чистоте и благоустройству города

Николай Иващенко
05.05.2026

Клещи активизировались: в Алматинской области исследовали больше 200 паукообразных и еще 1000 предстоит изучить

Николай Иващенко
05.05.2026

В двух селах Конаева решена проблема с питьевой водой

Николай Иващенко
05.05.2026

При пожаре на заводе «Казцинк» пострадали девять человек – упрздрав

Николай Иващенко
05.05.2026

Конфликт на празднике закончился поножовщиной в Алматинской области

Николай Иващенко
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz