Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл мұғалімі «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың үздік жоғары оқу орнына түсті

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлзия Құманқанға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Гүлзия АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінде «Математикалық білім беру» мамандығы бойынша магистратурада оқиды.

Педагог интернет желісіндегі онлайн сабақтар мен дәрістердің көмегімен ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгерді. Гүлзия шет тілін күніне 5-6 сағат бойы оқыған. Осының арқасында ол IELTS емтиханы бойынша 9 жоғары балдан 7 балл жинап, АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орнына түсті.

«Мен ауылдан шықпай-ақ, «Болашақ» стипендиясын тағайындайтын конкурстық іріктеуден сәтті өттім. Қарапайым ауыл мектебінде оқыдым, қазір де сол ауыл мектебінде жұмыс істеймін. Әлемдегі ең үздік университетте оқуға мүмкіндігім болатынын тіпті елестете де алмадым. Білім мен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеңе жетуге көмектесетініне сенімдімін. Шәкірттерімнің де әлемдегі ең үздік оқу орындарынан білім алғанын қалаймын. Олар менен үлгі алып, шабыттанады деп үміттенемін», – деді Гүлзия Құрманқан.

Естеріңізге сала кетейік, кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен 2022 жылдың  алғашқы стипендиялары 199 қазақстандыққа тағайындалды. Оның 29-ы педагогтарға берілді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz