Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Германия төрткүндік жұмыс аптасын сынақтан өткізуде 

Қыркүйектен бастап неміс компаниялары экспериментке қатысуға өтінім бере алады: оның 50-ден астамы таңдап алынып, төрткүндік жұмыс аптасына көшуге қатысты кеңес беріледі.

04.09.2023
Жаңалықтар

Олар мұндай режимде 2024 жылдың ақпанынан бастап жарты жыл жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалақысы өзгермейді, тәжірибеге көлемі әртүрлі компаниялар қатыса алады, деп хабарлайды alataunews.kz Deusche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл Германиядағы ең ірі эксперимент болғалы тұр. Мұнда жұмыс уақытын қысқарту өте қиын. Аустралия, Исландия мен Ұлыбритания осындай үлгіні сынақтан өткізіп жатқанда Германияның бірқатар кәсіпкері мен саясаткерлері мұндай тәсіл тиімсіз екенін, экономиканы құлдырататынын айтқан болатын. Шын мәнінде қалай болатынын енді тексеріп көруге мүмкіндік бар. Intraprenör консалтинг компаниясы мен Мюнстер университетінің ғалымдары тесттен кейін тәжірибе нәтижелеріне баға береді.

Айта кетсек, Ұлыбританияда өткізілген осыған ұқсас тест төрт күн жұмыс істейтіндердің бес күн істейтіндерге қарағанда өміріне көңілі толатынын және дені сау екенін көрсеткен. Мәселен, олар ауырғанына байланысты демалысты сирек алады. Экспериментке қатысқан британдық компаниялардың табысы шамамен 1,4 процентке артқан. Осы үлгіні сынақтан өткізген 10 компанияның 9-ы ары қарай осы тәсілді жалғастыра беруді шешті.

Тегтер: Германия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz