Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыдан Қонаевқа төрт жоғары оқу орны көшеді 

Мұнда 4 шетелдік университеттің филиалдары да ашылады. Облыс орталығында «Академиялық қалашық» салынады. Жоба бойынша мұнда 2024-2027 жылдары жатақханалар, қонақүйлер, зертханалар мен ғылыми орталықтар пайда болады.

01.09.2023
Аймақ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Qonayev Academic Campus» Fund» коммерциялық емес ұйымы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Кездесу барысында компания қызметінің тұсаукесері өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Қонаев қаласы ғылыми-білім орталығы және студенттер мен жастарды қызықтыратын қалаға айналуы керек.

Жобаны дұрыс іске асыру үшін тараптар өзара мүдделі келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті. Мысалы, Алматы облысының әкімдігі қалашық құрылысына және жобаны іске асыруға жеткілікті инженерлік желілер, коммуникация және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа да инфрақұрылымы бар жер учаскесін береді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша кампус негізінде білім алуға гранттарды, шетелдік студенттердің білім алуына гранттар бөлуді, кампустағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырады, сондай-ақ студенттік қалашықта филиалдар немесе еншілес жоғары оқу орындарын ашу үшін шетелдік жоғары оқу орындарын тартады.

Ал Қонаев атындағы академиялық қалашық қоры тиісті құрылыс үшін қажетті инвестицияларды тартуды, кампус пен жобаның сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Индустриалды аймақ негізінде соңғы жобаларды іске асыру бойынша шетелдік серіктестермен және инвесторлармен келіссөздер жүргізеді, кез келген жобаны дұрыс іске асыру үшін қажетті басқа да қолдау мен көмекті ұйымдастырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz