Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қосқұдық ауылында мектеп ашылды

Бүгін, Конституция күнінің қарсаңында Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында 100 орындық мектеп қолданысқа берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

30.08.2023
Аймақ

Бұған дейін оқушылар 1952 жылы салынған оқу ошағында білім алған. Мектеп «Халық игілігі» қоғамдық қорының қаржысына салынған. Оған 750 млн теңге ақша жұмсалған. 767 адам тұратын бұл ауылда 86 бала оқиды. Ал биыл 1-сыныпқа 5 оқушы қабылданбақ.

Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі. Мұнда 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет бар. Мектепте 20 мұғалім қызмет етеді.

Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты күнмен құттықтады.

«Баршаңызды 2023-2024 оқу жылының басталуымен, мемлекетіміздің Конституциясы күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын! Бірер күннен кейін облысымыздағы 456 мектеп есігін айқара ашып, 330 мыңнан аса оқушы оқу жылын бастайды. Біз өз тарапымыздан балаларымыздың өз замандастарымен тең дәрежеде заманауи мектептерде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, оқу ордасының болуы — жас мамандарды ауылға тартуға септігін тигізеді.

«Бұл мекеннің даму потенциалы жоғары. Қасында теміржол стансасы бар, облыс орталығына жақын орналасқан. Жаңа мектеп бой көтергеніне тұрғындар дән риза болғанын байқадық. Мектеп — маңызды инфрақұрылымдық нысан. Оның арқасында жас мамандарды, отбасыларды тартып, ауылға жан бітіруге болады. Бұл — елдімекеннің дамуына тың серпін болары да анық», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол Қосқұдықта мектеп ашылуына ұйытқы болған Алдаберген Дәурен Қанатұлына алғысын білдірді.

Салтанатты шарада Алматы облысының бұрынғы әкімі, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев та сөз алды.

«Бүгін — мен үшін, бала-шағам үшін қуанышты күн. Осы уақытқа дейін бірнеше мектеп салынып жатқанда басы-қасында жүрдім. Үлес қосып жүрсем де, дәл қазіргідей толқыған емеспін. Өйткені, осы ауылда әкем Алдаберген туып өскен. Жаңа мектепті ұлым Дәурен салып беріп отыр. Оның бұл ісі — көңілімді көкке көтерді. Ауылдық мектепте балалар білім алып, өседі деген үміттеміз. Олар осы жерден үлкен өмірге қадам жасайды. Балаларымыз болашақта еліміздің мықты азаматтарының қатарында болатынына сенеміз», — деді Қанат Бозымбаев.

«Халық игілігі» қоғамдық қоры мектеп ұжымына Suzuki маркалы автокөлігін сыйға тартты. Бұдан бөлек, қор көпбалалы, әлеуметтік осал топтан шыққан 12 баланы мектепке даярлап, құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Жалпы Алматы облысында биыл 15 750 орындық 16 мектептің құрылысы жүргізілген. Оның 9-ы 1 қыркүйекте ашылады. Олар:

• Алмалыбақ, Іргелі орта мектептеріне қосымша 600 орындық жапсаржайлар;

• Қонаев қаласында 900 орындық мектеп;

• Ұзынағаш ауылы;

• Көкқайнар, Боралдай, Междуреченск ауылдарына ортақ мектеп;

• Қаскелең қаласы;

• Есік қаласы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтармектеп

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz