Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында кейбір пәндердің сағатын қысқартады

Оқу-ағарту министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады.

29.08.2023
Саясат

Еске сала кетсек, 25 тамызда Тамыз кеңесінде вице-премьер Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтқан еді. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.

Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА сайтына жарияланған. Нәтижесінде 1-сынып оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды.

«1-4 сыныптар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 сынып оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 сыныптар үшін информатика 36 сағаттың орнына 34 сағат болып, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 сыныптар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі», — делінген түсіндірме жазбада.

Бұған дейін 36 апталық оқу жылына көшудің қажетті қосымша дайындықты талап ететіні ескерілмеген еді. Енді 2023-2024 оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін ғана жалғасады.

Тегтер: Ғани Бейсембаевжаңа оқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz