Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы агломерациясын дамыту: қоғамдық тыңдауға халық қатысқан жоқ

Бүгін Қонаевта Алматы қаласының іргесіндегі аудандарды дамытудың Бас жоспары туралы айтылған жиын өтті.

28.08.2023
Аймақ

Алайда, қоғамдық тыңдауға бірде-бір тұрғын келген жоқ. Мұның себебі – жауаптылардың халықты ертерек құлақтандырмауында деп топшыладық. Бас жоспарды жасаушы «Урбостиль» компаниясының ақпаратын тыңдауға тек Қонаев қалалық әкімдігінің мамандары қатысты. Егер халық келмесе мұндай басқосудың пайдасы не? Бұл сұрақтың жауабы жоқ.

2010 жылы Алматы агломерациясын, яғни, Алматы іргесіндегі аудандарды (Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен G4 city, Қонаев қаласы) дамытудың Бас жоспары бекітілген. Бірақ, Алматы облысының екіге бөлінуіне байланысты 2022 жылы сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырмасымен жаңа Жоспар әзірлене бастаған. Ол биыл аяқталып, кейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, Үкіметке жолданады. Бұл жоспарды Үкімет бекітеді.

«Урбостиль» компаниясының басшысы Любовь Нысанбаеваның айтуынша, жаңа жобаға байланысты құрылыстың бірінші кезеңі 2030 жылға жоспарланған. Себебі, жоба аясында жасалатын басқа жоспарлар да осы уақытқа сәйкестендірілген. Нәтижесінде агломерацияның даму индикаторы анықталып, қолға алынатын ауқымды жобалардың қайсысына аса мән беру керектігі анықталады. Ал есептік кезең 2025 жылға көзделген.

«Бас жоспарда Алматы агломерациясын дамытудың барлық тетіктері қарастырылған. Мысалы, оның ішінде адамдар өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындардың жыл санап өсуіне байланысты әлеуметтік салалардың дамуы мен тұрғын үйлердің, нысандардың инженерлік желілермен қамтылуы, кәсіпорындар салу арқылы халықты жұмыспен қамту секілді бағыттар бар», – деді маман.

Қазіргі таңда Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспары және Қонаев қаласының Бас жоспары бекітілген. Алматынікі 3 млн 200 мың адамға шақталса, Қонаев қаласынікі 200 мың адам тұратындай жасалған. Ал «G4 city-дің» Бас жоспары әлі бекітілген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz