Қала тазалығы үшін бұл күні барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен шағын және орта бизнес өкілдері сенбілікке белсене қатысты.
Қаланың орталық көшесі, саябақ пен әкімдік маңынан бөлек, білім мекемелерінің маңы, емхана аумағы, сондай-ақ саяжайларға апаратын жолдарға дейін тазаланды.
Қонаев қаласының әкімдігіне қарасты 11 мекеме қызметкерлері қаланы күл-қоқыстан тазартуға ат салысты.
Сенбілікке қатысушылар тұратын қаланы, таза ұстау әр адамға парыз, деген пікірде.
«Бұл шаһарда еңбек етіп, осы жерде мекен етіп жүрміз. Сондықтан, оның табиғатын аялауымыз керек. Әр адам өзінен кейін қоқыс қалдырмаса қала таза болатыны сөзсіз. Тұрғылықты жерімізге құрметпен қарауымыз қажет», — дейді Елбосын Абай.