Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 2022 жылғы табысынан 66,6 млрд теңге бөледі 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына «Самұрық-Қазына» қорының 2022 жылғы табысынан 66,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

25.08.2023
Саясат

Президент Қ. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастамалардың бірі – «Самұрық-Қазына» қорының жыл сайынғы таза табысының кемінде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қорға 66,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Қор мәліметінше бүгінгі таңда медицина, білім беру, спорт, әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, 6 бағытта 35-тен астам қайырымдылық бағдарламасы іске асырылуда.

Ауыр, өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулары бар 324 қазақстандық жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеден астам қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. 20 пациент жалпы сомасы 585,1 млн теңгеге шетелде ем алды. 4 өңірде 4 Ерте араласу орталығы ашылды.

Алдағы оқу жылына халықтың әлеуметтік осал санаттарынан шыққан студенттерге 850 білім беру гранты бөлінді. 17 өңірде материалдық-техникалық базасы толық жаңартылған 17 ауылдық тірек мектебі құрылды. 17 облыста тағы 63 мектеп бойынша жұмыс жалғасуда.

Ауылдық жерлерде 24 спорт залы ашылды, 15 мыңнан астам баланы қамтитын тағы 76 зал ашу жоспарланып отыр. Өңірлерде жылдам құрастырмалы модульді спорт залдарын орнату жоспарланған.

96 бала мен жасөспірім инновациялық протезбен қамтамасыз етілді. Оған 931,9 млн теңге жұмсалды. 10 пара-спортшыға спорттық-жүгіру протездері жасалды. Елде алғаш рет пара-спортшыларға арналған жүгіру мектебі ашылды. Аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған 4 орталық ашылды.

Ұлттық әл-ауқат қорынан аударылатын қаражатты есептемегенде, тек қайырымдылық жарналарының өзі 156 млрд теңгені құрады.

Тегтер: қаржықорСамұрық-Қазына

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz