Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қашан заңды түрде жұмысқа орналаса алады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев еңбек мигранты ретінде шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

24.08.2023
Саясат

Сыртқы істер министрлігінің деректеріне жүгінсек, биылғы І тоқсан қорытындысы бойынша қазіргі таңда Қазақстанның 194 мыңнан астам азаматы шетелде жұмыс істеп жүр. Мысалы, Ресей Федерациясында – 162 мың, Польшада – 13 мың адам, Оңтүстік Кореяда – 6 мың, Ұлыбританияда 5 мың адам еңбек етуде. Түркия, БАӘ, Ұлыбритания және басқа да елдермен ондағы Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдерге бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылдануда.

«Азаматтарымыз Оңтүстік Кореяда жұмысқа заңды түрде орналасуы үшін Қазақстанды еңбекке рұқсат беру жүйесіне қосу мәселесі пысықталуда. Бұл ретте migration.enbek.kz сайтына тіркеле отырып, осы жүйе арқылы жұмысқа орналасуға болады, оны еңбек ұтқырлығы орталықтары жүзеге асырады», – деп нақтылады Комитет басшысы.

Сонымен қатар А. Ертаев жұмыс күші көп және жұмыс күші жетіспейтін өңірлер арасындағы демографиялық айырмашылықты теңестіру үшін ішкі ұтқырлықты ынталандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Биыл «Серпін», «Ауыл аманаты», «Ауыл — ел бесігі»,

«Дипломмен — ауылға» сияқты бағдарламалар арқылы 33 мыңнан астам адамға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

«Биылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еңбек тапшылығы бар өңірлерге 5 мың адам қоныс аударды. Жоспарымыз – 8 652 адам, оның 58%-ы іске асырылды», – деді А. Ертаев.

Тегтер: жұмысОңтүстік Корея

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz