Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Жаңадан салынатын мектептердің барлығында лифті болады – министрлік

Жаңадан салынатын мектептердің барлығында лифті болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты

24.08.2023
Саясат
Open elevator

Open elevator

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өкінішке орай соңғы жылдары оқушылар арасында сколиоз 2 есеге артты. Оның себебінің бірі — оқушылардың бойы мен жас ерекшеліктерін ескермей мектеп жиһазына отырғызу. Сондықтан мектеп жиһаздары жылжымалы және оқу процесінің нақты мақсаттары мен міндеттеріне бейімделуі тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жиһаздарға басты назар аударылды. Сонымен қатар балаларға физикалық жүктемені азайту және ыңғайлы болуы үшін оқу құралдары ауыстырылып, киім сақтауға арналған жеке шкафтар барлық мектепте қарастырылатын болады. Жайлы мектептің әрбір қабатында ауыз су бұрқақтары орнатылады», — деді ол Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Сонымен қатар ол ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау үшін әрбір мектеп пандус және көтергіштермен, лифтілермен, санитарлық тораптармен жабдықталатынын айтады.

«Қазіргі уақытта мектептердің бірде-бірінде лифті жоқ. Сондықтан енді салынатын барлық мектеп балаларға жағдай жасау үшін лифтілермен, құрылғылармен міндетті түрде жабдықталады. Ұлттық жобаны іске асыруға 30-дан астам мемлекеттік орган мен ұйымдар жұмылдырылған. Олардың әрқайсысының рөлі мен жауапкершілігі айқындалған. Оқу-ағарту министрлігінің рөлі – ұлттық жобаны сапалы іске асыруда әдіснамалық сүйемелдеу және бақылау. Мектептерді сапалы салу және оларды уақытында пайдалануға беру жауапкершілігі «Samruk-Kazyna Construction» мен өңір әкімдіктеріне жүктелген», — деді Ғалымжан Молдаш.

Тегтер: Лифтмектеп

Соңғы жаңалықтар

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта масаларға қарсы күрес күшейтілді: дезинсекция бірнеше кезеңмен өтеді

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қонаевтағы №4 жағажай инвестор қаржысына абаттандырылады

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz