Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде 95 мың бизнес жоба субсидияланды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков айтты.

23.08.2023
Қоғам

Оның атап өтуінше, 2022 жылдары кәсіпкерлікті қолдау құралдары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына шоғырландырылған. Ұлттық жоба аясында қолдаудың қаржылай және қаржылай емес іс-шаралары ұсынылады.

«Қаржылық іс-шаралардың арасында субсидия үлкен сұранысқа ие. Субсидия екінші деңгейлі банктер беретін кредиттерді арзандату мақсатында ұсынылады. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы аясында мемлекет 13,78 пайызын субсидиялайды, ал кәсіпкер 8 пайызын төлейді. Бұл облыс орталықтарындағы жағдай. Ал ауылдық елдерге басымдық берілген. Олар 7 пайызын төлейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Бизнес жол картасы» жүзеге асырылған сәттен бері кредиттік қоржыны шамамен 7 трлн теңге болатын 965 мың жоба субсидия түріндегі қолдауға ие болды», — деді департамент директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, Ұлттық экономика министрі жартылай кепілдік беру құралын да жүзеге асырып жатыр. Ол кредит алу кезінде кепілдің жетпей қалу проблемасын шешуге бағытталған. Кепіл мөлшері 360 млн теңгеге дейін кредит сомасының 85 пайызы, 600 млн теңгеге дейін кредит сомасының 70 пайыз, ал 1 млрд теңгеге дейін кредит сомасының 50 пайызы. Бұл құрал арқылы кредиттік қоржыны 1,4 трлн теңге болатын 57,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Мұнан бөлек, министрлік ауылдық жердегі мөлшерлемесі 7, ал облыс орталықтарында 8 пайыз болатын шағын несие беру қолға алынған.

Жалпы, 2010-2021 жылдары аралығында мемлекеттік қолдау іс-шараларының арқасында 120 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, 53,1 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 3,4 трлн теңге салық төленді.

Тегтер: жобасубсидия

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz