Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында әйел адам көз жұмды

18 тамыз күні Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екінші топтағы мүгедек Төремұратов Мұхтардың үйі өртеніп кетті. Әйелі Қамчыбек Береке екі баласын құтқарамын деп жүріп, өртенген үйден шыға алмай қалған, деп хабарлады polisia.kz.

23.08.2023
Арнайы жоба

Қайғылы жағдай жайлы ер адамның қарындасы Құралай Төремұратова баяндап берді.

«Оқиға жұма күні болды. Мен үйге сағат 20:10-да барғанымда толықтай жанып кеткен еді. Үйдің жарығынан ақау кетіп, өрт басталған. Ол уақытта ағам үйде болмаған. Ал жеңгем балаларын құтқарамын деп жүріп, өзі үйден шыға алмай қалған. Мен тұрмыстамын, бөлек тұрамын. Үй бес бөлмелі, өзіміз салған едік. Жеңгемді 21 тамыз күні жер қойнына тапсырдық», — деді қарындасы Құралай Төремұратова.

Қарындасының айтуынша, 1987 жылы туған Төремұратов Мұхтар екінші топ мүгедегі. 2022 жылдың сәуірінде ота жасалған, ішегі жоқ, осы себепті де жұмыссыз. Ал жеңгесі Береке 1991 жылы дүниеге келген екен.

Қазір Берекені жоқтап, екінші топтағы мүгедектігі бар Төремұратов Мұхтар мен оның ұлдары алты жастағы Өмірсерік пен төрт жастағы Әнуар қалды.

«Көпшіліктен қазір ағам мен балаларына қолдан келгенше қаржылай немесе үй алып беруге көмек көрсетуін сұраймын. Денсаулығы сыр берген ағам мен екі кішкентай баласы далада қалды», — деді Құралай Төремұратова.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz