Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында газ құю станциясы өртеніп, 2 адам зардап шекті

Алматы облысының Саймасай ауылында газ құю станциясында өрт болып, 2 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды alataunews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20.08.2023
Арнайы жоба

Оқиға 19 тамыз күні сағат 17:50-де Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Рысбеков көшесі, 1а мекенжайында болған.

«Өтебаева» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі Саймасай ауылының газ құю станциясында газ баллоны жанып, от сақтау және сату үшін арналған контейнерлік үлгідегі қоймаға көшкен.

Газ баллондарының жаппай жануы (шамамен 40 дана) және жоғары температураның пайда болуы салдарынан өрт қойманың жанында тұрған «ЗИЛ» газ құю машинасына ауысты. Көлемі 3 текше метр көлік газға толы болған.

Сонымен қатар қоймада әртүрлі сыйымдылықтағы шамамен 260-300 дана газ баллондары болған. Бұдан бөлек, қойманың жанында газбен толтырылған көлемі 4 текше метр жерасты қоймасы орналасқан.

Жарылыстың туындау және жалынның 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй алабына ауысу қаупі болды.

«Оқиға орнына келген алғашқы бөлімшелер жедел іс-әрекет етіп, газ құятын автомобильдің, газы бар жерасты қоймасының, сондай-ақ қоймадағы қалған баллондардың жарылу қаупінің алдын алды. Өрт орнына «жоғары шығу» дәрежесі бойынша шығу кестесіне сәйкес бөлімшелер жіберілді. Жалын сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:45-те толығымен жойылды. Өрт салдарынан газ құю станциясының 2 қызметкері әртүрлі дәрежеде күйік алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz