Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы іске қосылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерге арналған дағдарыс орталығы іске қосылды. Мұндай орындар еліміз бойынша Астана, Алматы және мен Шымкент қалаларынан ашылды.

18.08.2023
Аймақ

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл үш мегополисте алғаш рет дағдарыс орталығы жұмысын бастады. Астана мен Алматыда 30-дан, ал Шымкентте 20 орынға лайықталған. Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады. Ешкім далада қалмайды.

«Оған қоса әрбір жоғары оқу орнының жанынан ахуал орталығы да құрылды. Мұның барлығы үлкен қалаларға білім іздеп келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр», — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінің Телеграм каналы.

Студенттер жатақханаға өтінішті онлайн түрде жібереді. Жауабы 1 күн ішінде беріледі. Ал жатақхана жетпеген жағдайда хостелге орналастырады. Алматы қаласы бойынша қыркүйекке дейін жаңасы бар, қайта жасалғаны бар 5 жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл дегеніңіз 1 600-ге жуық орын. Оған қосымша жыл соңына дейін дәл осындай 14 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға тарта студент жатақханаға орналасады.

Еске сала кетейік, жатақханада тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар мен мүгедектігі бар студенттерге өтемақы төленеді. Оның көлемі – жылына 29 айлық есептік көрсеткіш.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz