Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Елімізде 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі

1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, деп хабарлайды alataunews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18.08.2023
Саясат

Атап айтқанда:

— Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,

— Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,

— Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

— докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

— даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

— магистранттарға – 97 024 теңге;

— интерндерге – 75 890 теңге;

— жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

— даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

— техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

— техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Тегтер: қаулыстудентүкіметшәкіртақы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz