Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматының мектептері кешенді қауіпсіздік жүйесіне қосылады

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес қолжетімділікті бақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша 206 мемлекеттік мектеп пен 8 интернатта кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу жоспарланған. Бұл турникеттер, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, өрт қауіпсіздігі жүйесі және т.б. Жобаны биыл жылы іске асыру жоспарланған.

16.08.2023
Аймақ

«Кешенді қауіпсіздік жүйесі – бірқатар ішкі жүйелері бар орталықтандырылған жүйе, оның құрамына бейнебақылау жүйесі, кіруді бақылау және басқару, екі жақты байланыс, қауіпсіздік және өрт дабылы кіреді. Жүйені құрудың мақсаты Алматы қаласының білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін, құқықтық тәртіпті арттыру болып табылады. Ол бейнебақылауды және тіркелген құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздік жай-күйі туралы шұғыл қызметтерді уақтылы хабардар етуді, мемлекеттік мектептерде (ММ) қауіпсіздікті ұйымдастыру және қолдау жөніндегі шешімдерді қалыптастыру үшін қолда бар жедел ақпаратқа талдау жүргізуді қамтиды», — делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Кешенді қауіпсіздік жүйесі білім беру нысандарының қауіпсіздігі мен мониторингін қамтамасыз етуге арналған:

  • әрбір ММ-де бейнедеректерді кемінде 3 тәулік мерзімде сақтау, бұл ретте берілген деректер деректерді өңдеу орталығында (ДӨО) кемінде 30 күн сақталады;
  • тапсырыс беруші ұсынатын байланыс арналары арқылы әрбір ұйымнан бейнемониторингтің бірыңғай жүйесі (БМБЖ) ДӨО-ға бейнедеректерді беру;
  • мемлекеттік білім беру нысандарының ғимараттарына кіруді бақылауды қамтамасыз ету;
  • Алматы қаласының шұғыл қызметтерінің пультіне сигнал беретін шұғыл байланыс терминалын (дабыл түймесі) іске қосу.

Бейнебақылау камераларының функционалдығы жоғары сапада және суреттерді егжей-тегжейлі түсіруге мүмкіндік береді. Деректер интернет желісі арқылы серверге, дербес компьютерге немесе кез келген басқа да құрылғыға беріледі. 30 метр қашықтықтағы инфрақызыл жарықтандырудың арқасында түнде түсіру мүмкіндігі бар. Бейнекамералардан алынған жазбаларды 30 күн бойы сақтауға болады.

«Бүгінде оқу орындарында барлығы 6 739 камера орнатылған, оның 4193-і мектептің ішінде, ал 2546-сы сыртқа қойылған. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің барлығы мамандандырылған күзет қызметкерін шақыру мүмкіндігі бар дабыл түймесімен жабдықталған. Қазіргі уақытта Алматының 459 мемлекеттік білім беру ұйымы 16 299 камерамен жабдықталған. Олардың ішінде 193 балабақша 7 344 камерамен жабдықталған. Әрі 15 интернаттық мекемеде 277 камера және 20 колледжде 1503 камера орнатылған. Барлығы 459 білім беру ұйымында 678 дабыл түймесі орнатылды. Ал мамандандырылған күзетпен 254 білім беру ұйымы қызмет көрсетеді», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тегтер: алматыкүзетмектеп

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында «Тазалық күні»: «Тамғалы тас» марафонға дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz