Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандықтар «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты атанды

Биыл Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан Kyle Ruh (Ерік Төленов), ал балалар байқауында Алинур Хамзин өнер көрсетті. Екі орындаушы да байқаудың лауреаты атанды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚР МСМ  ресми сайтына сілтеме жасап.

20.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» — телерадиокомпаниясының «Песня — Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.

Біздің анықтама:

Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы «Mozart» халықаралық шығармашылық фестивалінің және «Welle-music wave» халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, «The Voice of Kazakhstan» танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы әлемнің ең үздік «The Voice» шоуларының қатарына енді.

Алинур Хамзин 2010 жылы Орал қаласында дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-сыныбында және №1 музыка мектебінде оқиды. Соңғы 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі «Junior Eurovision» байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сондай-ақ, ол әр түрлі тележобалар мен конкурстардың лауреаты.

 

1 of 3
- +

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz