Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтана ма?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. 

14.08.2023
Қоғам

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде хабарлағандай, республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

«Осыған дейінгі жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6%-ды құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», — деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Тегтер: Қазақстанмектептегін тамақ

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
03.11.2026

Алматы облысында Президент Жолдауы жан-жақты талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
03.11.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
03.11.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
03.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
03.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz