Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі құрылысшыларды марапаттады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылысшылар күніне орай өңірдің дамуына үлес қосқан, қолтаңбасы қалған мамандарды марапаттады.

11.08.2023
Сұхбат

Жиында аймақ басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында құрылыс саласының рөлі зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол Қонаев қаласының бас жоспарына тоқталып, болашақта қала заманауи көпфункционалды әкімшілік, қаржылық және мәдени орталыққа айналауы тиіс деп айтты.

«Жаңа әкімшілік мәртебеге ие бола отырып, Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегиясы да анықталды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін жоспарда экономикалық іс-қимыл, тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіпті, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген. Жоспарда қалаға іргелес аумақтарды көркейту үшін қажетті инфрақұрылымның құрылысы ескерілетін болады», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, Марат Елеусізұлы барлық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға сенімдімін деп, барша құрылыс саласының ардагерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Мереке күні мерейі асқандардың қарасы қалың. Облыс әкімінің «Алғыс хаты» құрылыста табанды қызмет еткен 5 адамға берілсе, 12 құрылысшыға Алматы облысы әкімінің «Құрмет Грамотасы» табысталды. Еңбегі еленіп, құрметке бөленгендердің қатарында құрметті сәулетші, Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаевада бар.

«Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлына Қонаев қаласының бас жоспарын жобалауымызға мүмкіндік бергені үшін жеке ризашылығымды білдіремін. Жауапты істі бізге тапсырғандарыңыз үшін рахмет. Бас жоспарда өңірдің даму кезеңдері қарастырылған. Ауқымды жоспарды үкіметтің бекіткеніне қуаныштымын. Бірлесе атқарған істерміз нәтижелі болсын», — деді Любовь Нысанбаева.

Сондай-ақ, ол сәулет саласына саналы ғұмырын арнағандағы еңбегін елеп-ескерген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевқа «Қазақстан қала құрылысы одағының» арнайы төс белгісін табыс етті.

Аймақ басшысы көрсеткен құрметіне ілтипат білдіріп, алдағы уақыттада өңір дамуы жолында құрылысшылардың қарымды еңбегі қажет екенін тілге тиек етті.

Осылайша, шаһардың шырайлы келбетіне көрік қосып жүрген құрылысшылар лайықты тұғырынан көрінді.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың мереке иелеріне тарту еткен концерттік бағдарламасына ұласты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz