Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды.

11.08.2023
Жаңалықтар

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамызда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовке қатысты істі қарады. Оларға пара алды, пара беруге делдалдық жасады және бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген айып тағылды.

Бұдан өзге Нұрлан Мәсімовке мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.

«Сотталушылар Нұрлан Мәсімов пен Дамир Сиразидимов қылмыстық кодекстің 366, 368, 189-баптары бойынша кінәларын мойындамады және ақтауды сұрады. Евгений Евкович өз кінәсін толық мойындады. Алқабилердің қатысуымен сот кесімі бойынша сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Нұрлан Мәсімовке қылмыстардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Дамир Сиразидимов қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Евгений Евкович мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деп жазылған Павлодар облыстық сотының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ Нұрлан Мәсімовті мемлекеттік наградасынан және генерал-майор атағынан, ал Дамир Сиразидимовты полковник арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс жасады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: сот үкімі

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz