Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында шұғыл көрсетілген көмектің арқасында найзағай соққан бала аман қалды

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына найзағайдан жарақат алған 11 жастағы бала түсті. Найзағай соққысынан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған.

10.08.2023
Арнайы жоба

«31 шілде күні жедел жәрдем көлігімен 11 жастағы найзағай соққысынан жарақат алған бала түсті. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы орташа ауыр болды. Оның арқасын, бел аймағын және сол жақ аяғының төменгі жағын термиялық күйік шалған. Балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдап жатыр», — деді аурухана директорының орынбасары Қалиев Асқар Сәулебекұлы.

Дәрігерлер шілде-тамыз айларында найзағай жерге жиі соғатынын ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. Аталған аурухана дәрігерлері қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында ата-аналарға арнап арнайы жадынама ұсынады:

  • жалғыз өскен ағаштың астына тығылмаңыз. Ондай ағаштар найзағай тартуы мүмкін. Әсіресе, теректер, шыршалар мен қарағайлар қауіпті. Ойпатты жерлерде (шұңқырлар, арықтар, сайлар) немесе автомобиль жолдарының астындағы су өткізгіштерде жасырынған дұрыс.
  • қалтаңыздан металл заттарды (кілттер, шынжыр, ойыншықтар) алыңыз.
  • егер сіз велосипедпен жүрсеңіз, одан кем дегенде 30 метр алыстап, жаңбыр аяқталғанға дейін жанына жақындамаңыз.
  • ұялы телефонды біраз уақытқа өшіріңіз.
  • егер суға түсу кезінде найзағай соға бастаса, шұғыл түрде судан шығып, жағадан 100 метр қашықтықта жүріңіз. Су электр тогын жақсы өткізеді және найзағай тартады.
  • мүмкіндігінше көлікте немесе ғимаратта жасырыныңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, жоғарыдағы ұсыныстарды орындаңыз
  • жаяу жүруді тоқтатып, жақын маңдағы ғимаратта күткен дұрыс. Аялдамада күту қауіпті. Өйткені жел аялдама шатырын ұшырып әкетуі мүмкін.
  • үйде болсаңыз барлық электр құрылғыларын өшіріп, терезелерді жабыңыз.
  • балконға немесе аулаға шықпаңыз. Бұршақ жауа бастаса, терезеден алыс жерде болған дұрыс. Өйткені бұршақ терезені сындыруы мүмкін.
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz